Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі.

2 520

Фото: ©ашық дереккөзТуризм және спорт министрлігі жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік үшін қосымша ақы алу тәртібін жариялады.- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл мүмкіндік Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) және мамандандырылған спорт мектептері, сондай-ақ Олимпиадалық резерв мектептерінде қызмет ететін мамандарға қатысты.

Қосымша ақы алу үшін: біліктілікті арттыру курстарынан өту; біліктілік тестін сәтті тапсыру; оқу-жаттығу процесін ұлттық спорттық дайындық стандарттарына сәйкес жүргізу талап етіледі.

Біліктілікті арттыру курсы 5 жылда бір рет өткізіледі, ал өтінімді оқу басталғанға дейін кемінде 14 күн бұрын беру керек.

 Оқу аяқталғаннан кейін:

– электронды форматта тестілеу жүргізіледі;

– біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;

– біліктілік тестінен өткендігі туралы сертификат тапсырылады;

– құжаттарды жұмыс орнына тапсыру қажет.

Өтінім электрондық лицензиялау порталы арқылы онлайн режимде қабылданады, бұл рәсімді жеңілдетеді әрі қосымша ақы алудың уақытылы жүзеге асуына мүмкіндік бермек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.