UFC Макгрегор – Порье трилогиясын ресми түрде хабарлады

343

Фото: Prosports.kz.UFC басшысы Дана Уайт ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Дастин Порье жекпе-жегін ресми түрде жария етті.

Еске салайық, Дастин Порье Твиттерде жанжалдасқаннан кейін Конор үшінші жекпе-жек өтпейтінін мәлімдеген еді. Спортшылардың жанжалдасуына Порьенің қайырымдылық қоры себеп болған: Дастин Конорды алдады деп айыптаса, ирландиялық файтер америкалықты қаржылық күдікті адам деп меңзеген. 

Екі салмақ дәрежесінде UFC экс-чемпионы шілдеде Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегіне басқа қарсылас іздей бастаған, Порьенің орнына шығуға файтерлер де табылған. Екі күн өткен соң UFC басшысы бұл жанжалдың нүктесін қойды. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.