Қазақстан спортшылары Исламиаданы бесінші орынмен аяқтады

560

Түркияның Конья қаласында Ислам ынтымақтастығы ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды 

Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Prosports.kz.Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталып, 18 тамызда аяқталды.


Бесінші мәрте жалауын желбіреткен дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 89 медаль еншіледі. Оның ішінде 27-і алтын, 23-і күміс, 39-ы қола
.


Жалпы командалық есепте Түркия, Өзбекстан, Иран және Әзербайжан құрамалары алғашқы төрт орынды өзара бөлісті.


Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.


Айта кетсек, жарыстың соңғы күнінде кикбоксингтен Берік Ысқақов (63,5 келі) "алтын" алды
Оған қоса Батырхан Қуандықов (63,5 келі), Нұрдәулет Қалшора (57 келі), Шара Хамзина (60 келі) қола жүлдегер атанды.


Ал каратэ-додан София Безрульцева чемпион атанды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.