Отандық «Жоқтау» драмасының трейлері шықты

2 090

Аруан Анартаевтың «Жоқтау» дебюттік толықметражды фильмі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына сілтеме жасап.


Режиссер 2020 жылы «Ыстық көл» атты алғашқы қысқаметражды фильмінен кейін үлкен киноға аяқ асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Жаңа картина ұзақ уақыт шетелде өмір сүрген және өзін нағыз шетелдік сезінетін жас қазақ ғалымының өмір жолын баяндайды.


Күндердің күні тағдырын айқындайтын шешім қабылдар алдында ол туған жеріне оралады...


«Бұл - әр көрерменге әсер ете алатын драмаға толы оқиға. Өйткені фильм көтеретін біз кімбіз, қайдан келдік және қайда барамыз деген сұрақтар әр адамның жүрегінде жүр», - дейді картинаның продюсері Аружан Досымқожа.

Басты рөлдерде Ермек Шынболатов, Исбек Әбілмажинов және Ирина Баркова ойнайды.

Камераның тізгінін қазақ киносындағы азғана оператор қыздардың бірі – Айгүл Нұрболатова ұстады.

Қоюшы-суретші – Аяна Нұрдинова. Фильмнің продюсерлері – Аружан Досымқожа және Александра Сытник.

Фильмнің композиторы - Санжар Бәйтереков.

Фильмнің түсірілімі өткен жылдың күзінде өтті. Кинокартина авторлары туындыны халықаралық фестивальдерге жіберуді жоспарлап отыр.


«Жоқтау» толықметражды көркем фильмі ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы көмегімен түсірілген.