«Қаһарлы Қаңтар» атты бейнефильм жарық көрмекші

525
Елімізде «Алмамедиа» киностудиясының жетекшілігімен «Қаһарлы Қаңтар» бейнефильмінің түсірілімі басталмақшы, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.


«Құрметті достар мен әріптестер! «Алмамедиа» киностудиясының шығармашылық тобы «ҚАҺАРЛЫ ҚАҢТАР» атты бейнефильмді  түсіруге кірісетінін хабарлайды. Біз Қаңтар көтерілісін еліміздің саяси даму тарихының жаңа сатысы деп қабылдаймыз. Біздің фильм осы қаңтар көтерілісінің саяси астарын толықтай суреттеп, қоғам назарынан тыс қалған фактілермен таныстырады деп үміттенеміз. Мемлекетіміздің қазіргі қоғамдық-саяси тарихы – біз және келер ұрпақ үшін өте маңызды. Сондықтан «ҚАҺАРЛЫ ҚАҢТАР» бейнефильмін  дайындауға, жүрегі елім деп соғатын азаматтарымыздың атсалысуын сұраймыз!» – деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.