Алагөзовтің бұрынғы әйелі ұлына жантебірентерлік жазба арнады

495
Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Марат ұлы Арсенді туған күнімен құттықтап, желіде жантебірентерлік жазба қалдырды.

Айта кетелік, танымал бизнес өкілі ретінде қалыптасқан Ляйсира Марат бүгінде қалыпты тіршілік кешіп жатыр. Ол әлеуметтік желіде бизнес туралы түрлі идеяларымен бөлісіп, өзінің салауатты өмір салтын ұстанатыны туралы жиі жазып тұрады. 


Жақында ол ұлы Арсенді туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба қалдырды.


 "Сен сағат таңғы бесте өмірге келдің. Терезе сыртында құстар ән салып тұрды. Еңселі, мықты, әдемі еркек! Сені туған күніңмен құттықтаймын! Өміріңді арманмен, қуанышпен, табыспен, энергиямен толтыр! Мақсатқа жетер жолда төзімді бол, өміріңдегі әрбір бөлімге жүрегіңдегі махаббатты арна. Сенің қасыңда үнемі саған қолдау көрсететін, саған демеу болатын адамдар барын ұмытпа! Бақытты бол, Ұлым! Махаббатпен, Анаң", - деп жазды Ляйсира. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.