Режиссер Әрі Би-Бектің фильмі халықаралық кинофестивальде үздік атанды

2 142

Режиссер Әрі Би-Бектің "ARQAU-OZOK" толықметражды деректі драмасы Бакуде өткен "Қорқыт ата" халықаралық кинофестивалінде үздік деректі фильм номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кинотуындыда қазақтың күнделікті тұрмысында қолданылған, бүгінде ұмытыла бастаған салт-дәстүрлері мен тұрмыстық істері дәріптеледі.


Негізгі кейіпкердің отбасы қытайдан көшіп келген. Әкесін көршісі «қытай» дейді. Ол баласына кейісе кейде «өй, қытай» деп қалады. Осылай картинаның бір бұлтарысы әке мен бала арасындағы атақты тақырыпты ғана емес, екі елдің коммунистін қақтығыстырады. Қытайлық коммунист Мао Цзэдунды ер десе, Кеңестік коммунист Сталинді мақтайды.


Осыған дейін екі қысқа метражды фильм түсірген Әріби-бек Өр Алтайдың бұл алғашқы толықметражды дебюттік жобасы.


Айта кетейік, Әріби Өралтай – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестиваліның лауреаты. 2009 жылы «Әриям» атты жыр кітабы жарық көрген. 2019 жылы «Күн төркіні – Ағажай» атты еңбегі «Фолиант» баспасынан шыққан.


2015 жылдан бері кино саласында өнімді еңбектеніп келеді. «Қазақ хандығы – Алмас қылыш» – этнографиялық кеңесші, диалог авторы, қоюшы суретшінің ассистенті (2015); «Балуан Шолақ» – қоюшы суретшінің ассистенті (2017); «Қазақ хандығы – Алтын тақ» – этнографиялық кеңесші, көмекші редактор, диалог авторы, қоюшы суретшінің ассистенті (2018); «Томирис» – ат әбзел жасаушы шебер (2018); «Адасқақ» – басты рөлдегі актер, қоюшы суретші (2019); «Абай жолы» – этнографиялық кеңесші, қоюшы суретшінің ассистенті (2020); «Боран» – қоюшы каскадер, суретші (2020-2021); қызметтерін атқарған. Бұдан бөлек «NAZ» қысқа метражды (2021) фильмінің режиссері.