29 сәуір Халықаралық би күні

2 642

Би өнеріне арналған атаулы күн 1982 жылы ЮНЕСКО-ның Халықаралық би кеңесінің бастамасымен бекітілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл мерекенің 29 сәуірге белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күні француз балет бишісі, теоретигі, балет өнерінде реформа жасаған «заманауи бидің әкесі» Жан-Жорже Новерре дүниеге келген. Мереке бүкіл әлемде атап өтіледі.


Халықаралық би күні қарсаңында Латвияда XVII халықаралық хореографиялық байқау өтті. Байқауда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблі әртістері «Халық биі» және «Хореограф» номинациялары бойынша лауреат атанды.


Байқау 25-28 сәуір аралығында Рига қаласында өтті. Оған АҚШ, Латвия, Эстония, Литва, Германия, Аустралия, Испания, Грекия, Грузия, Жапония, Словения және Қазақстан сияқты әлемнің 12 елінің бишілері қатысты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.