Алматыда авторлық қуыршақтар көрмесі ашылды

2 661

Фото: 24.kzАлматыдағы Мемлекеттік орталық музейде авторлық қуыршақтар мен Тедди қонжықтарының халықаралық көрмесі ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Дәстүрлі шараға биыл ел аймақтарынан және Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген 50-ден астам шебер қатысты. Бұл қуыршақтар – ойыншық қана емес, шеберлердің көз майын тауысып жасаған шығармашылық туындылары. Әрбір қуыршақтың өз тарихы бар, жасалу техникасы да ерекше. Авторлық қолтаңба да байқалады. Мәселен, Көкшетаудан келген Анастасия Елисеева әр қуыршақтан көрермен өзінің жүрегіне жақын нәрсені көре алады, дейді.  

Анастасия Елисеева, қуыршақ жасау шебері: - Райхан деген қуыршақ мен үшін сондай әдемі, өте нәзік, хош иісті деп айтар едім. Яғни мен қуыршақты жасағанда оны көрген адам белгілі бір затты елестетіндей рең беремін. Райхан қуыршағына бір нәзік гүлді, хош иісті, жұмсақ, сондай жайлы нәрсені сіңіргім келді.

 Қуыршақтар әртүрлі материалдардан жасалған. Полимер, керамика, тоқыма, пластик, табиғи тастар – қуыршақтың өзіндік табиғатын, болмысын ашу үшін қолданылады. Шеберлердің жұмысында көркемдік пен техника ерекше үйлесім тапқан. Көрме аясында «Жібек жолының алтын ғасыры» ұзақ мерзімді жобасы да ұсынылды.