Алматыда «Уақыт резонансы» атты көрме ашылды

2 661

Фото: beta.egov.kzАлматыдағы орталық музейде қоғам қайраткері, суретші Болат Мұхамедиевтің жеке көрмесі ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол «Уақыт резонансы» деп аталады. Мұнда жұрт назарына 52 жұмыс ұсынылып отыр. Бұл туындыларда автор уақыт өзгерістерін, оның қоғам мен адам өміріне әсерін көркем тілмен жеткізген. Әр картинаны тамашалай отырып, адамзат пен кеңістік арасындағы байланыс туралы жаңа ойға шомасың. Болат Мұхамедиев өнер жолында түрлі жанрда қалам тартты. Ал абстрактілі бағытқа бет бұрғанына көп бола қойған жоқ. Десе де, былтыр оның еңбегі Францияда 68 ел қатысқан байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Жаңалыққа жаны құмар суретші Қазақстанда цифрлық графика мүмкіндіктерін бейнелеу өнеріне енгізуге талпынып жүр. 

Болат Мұхамедиев, суретші: - Холостқа бірден карандашпен саласың. Майлы бояумен біткен кезде қалай шығатынын білмейсің. Өзгерту керек болады. Өзгерту үшін қайта бояйсың. Мына графикалық живопись дегеннің бір жақсы жері, компьютерде бәрін өзгертіп жөндеп, сондан кейін холостқа үлкейтіп шығарып, сосын майлы боямен саласың. Қате болмайды. Цифрлық графика шетелде дамыған. Қазақстанда мен бірінеші рет енгізіп, жастарға үлгі болсын деп жасадым.