Қазақтың тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Тапалованың пуанты Ақтөбе музейінде сақтаулы тұр

2 154

Фото: Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіАқтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Нұрсұлу Талапованың пуанты, сырғалары, қорапшасы, сахна киімі сақтаулы. Қызы бірнеше жыл бұрын балеринаның өзі тұтынған бұйымдарды музейге тапсырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Нұрсұлу Тапалов — Ақтөбе өңірінің тумасы. Ол 1923 жылы Ойыл ауданында өмірге келген. Қазақтан шыққан тұңғыш балеринасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. 

Көптеген қазақ киносына түсіп, бишінің рөлін сомдады. 

"2007-2010 жылдары аралығында Нұрсұлу Тапалованың қызы Тоты Аққожаева Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына анасының пуанты, сырғасы, қобдишасын берді. Сонымен бірге Нұрсұлу Тапалованың құжаттарының көшірмесі қабылданды. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі куәлігінің, Тың жерлерді игеру жылдарында берілген куәліктің және Жеңістің 50 жылдығы куәлігінің көшірмелері бар. «Құрмет белгісі» ордені куәлігінің де көшірмесін берді. Музейдегі 1945-1991 жылдардағы тақырыптық экспозициялық залында Нұрсұлу Тапалованың өміріне, қызметіне, бишілік өнеріне арналған «Би әлемінің таланты» экспозиция жасақталған.", — дейді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Айбек Ертеміров.