Будапештте Абайдың шығармалары ұлықталды

2 588

Фото: ru.pinterest.comШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Абай институты» қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық ашық сабақ ұйымдастырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Іс-шарада сөйлеген сөзінде Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Абай шығармаларының екі елдің мәдени байланысындағы ерекше орнына тоқталып, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленген Ласло Краснахоркаидың жеңісімен түркі жұртшылығын құттықтады.


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Төрағасы Ербол Тілешов Абай шығармашылығы туралы баяндама жасап, тыңдаушылардың қазақ тілі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігіне өз құрметін білдірді.


— Абай мұрасы адамзатқа ортақ екенін Абай институтының қазақ тілі курсын оқып жүрген Париж, Анкара, Ұланбатыр, Будапешттегі тіл үйренушілеріміз тағы бір айшықтай түсті. Олар «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғашықтың тілі — тілсіз тіл», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерін жатқа оқып, қазақтың әнін шырқап, ұлттық аспаптарымызбен өнер көрсетті, — делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.