6 айда балалар театрларын 560 мыңға жуық көрермен тамашалады

2 506

Фото: Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан театрларында балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 948 спектакль қойылып, оларды 559 885 көрермен тамашалады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, балаларға арналған репертуарды жас көрермен театрлары, қуыршақ театрлары және жастар театрлары тұрақты түрде толықтырып келеді.


Сахнада классикалық және заманауи шығармалар, халық ертегілері негізіндегі қойылымдармен қатар, тәрбиелік және танымдық мазмұндағы спектакльдер ұсынылады.

«Жас көрермен театрлары балалармен қатар жасөспірімдерге де арналған қойылымдарды сахналап, достық, жауапкершілік, таңдау жасау және ұлттық мәдени мұраны құрметтеу сияқты маңызды тақырыптарды арқау етеді», – делінген министрлік хабарламасында.

Балаларға арналған қойылымдар халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып келеді. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Ұлпан» спектаклімен Бішкекте өткен «ART-ORDO» халықаралық театр фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алды.

Сондай-ақ аталған қойылым «Үздік сценограф», «Үздік ер адам рөлі» және «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» аталымдары бойынша марапатқа ие болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.