Түркістандағы жаңа театрда «Бөрте» пьесасының премьерасы өтті
370
Түркістан музыкалық драма театрында «Бөрте» спектаклінің премьерасы өтті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі
Драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтың «Бөрте» спектаклінде тарихи оқиғалар керемет суреттелген.
Ұлы билеуші Шыңғысханның жары Бөрте ханым туралы қойылымда ардақты, батыр ананың ел тарихындағы орны көрсетілген.
Жаңа театрдың алғашқы қойылымының режиссері Италия маманы Карло Шаккалуга бұл қадамға үлкен дайындықпен келген екен.
Әртістердің киімдері, сахнаның безендірілуі өте жоғары деңгейде болды. Рөлдерді сомдаған Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекзанар-Ханинга, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алихан Ыдрышева, Еркебұлан Дайыров, Ақбота Қаймақбаева, Нүркен Өтеуілов, Айя Шәріп және өзге де актерлар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.
Шыңғысхан мен Бөртенің бала кезінен бастап, ұлы тарихи оқиғаларға араласу сәттерінен сыр шертетін спектакльге көрермен қауым оң бағасын берді.