Құжаттар мен мәдени жәдігерлер цифрлық нұсқада қолжетімді болмақ

2 503

Фото: ©Дияр БексұлтановПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды цифрландыру жылы деп жариялаған болатын, түркі әлемінде де бұл салаға ерекше көңіл бөлініп, қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығарылып жатқан кітаптардың барлығы цифрлық форматта да әзірленеді. Барлық құжаттар мен мәдени жәдігерлердің цифрлық нұсқалары қолжетімді болмақ. 

Түркі мұрасын дәріптеу тек кітап шығарумен шектелмейді. Ендігі мақсатымыз – тарихи және ғылыми еңбектерді ғылыми айналымға ғана емес, цифрлық кеңістікке де енгізу. Осы бағытта YouTube желісіндегі Turk Discovery арнасы жұмыс істеп тұр. Біздің халықаралық ұйымның міндеті – барша түркі елдерінің мәдениетін әлем деңгейінде насихаттау. Мысалы, бізде Culture KZ және e-Museum сияқты цифрлық сайттар бар. Сол жерде 100 мыңнан астам жәдігер цифрландырылған. Оның ішінде түрлі жәдігердің 3D форматта жасалған нұсқалары бар, – деді А. Райымқұлова Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасында.

Қор президентінің айтуынша, мұндай бастамалар өзге түркі мемлекеттерінде де жүзеге асырылып жатыр. Ал Қазақстанда бұл жұмыстарды үйлестіріп, оларды бірегей цифрлық платформаға біріктіру жоспарланған.

Біз Мәдениет министрлігі атқарған жұмысты қайталамаймыз, мәдени саладағы цифрландыру нәтижелерін бірегей цифрлық порталға біріктіру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Айталық, Астанадағы Alem AI орталығында Turk Heritage Дүниежүзілік түркі мұрасы платформасын әзірлеп жатырмыз. Онда әлемнің түкпір-түкпірінде, шетел архивтерінде сақтаулы барлық түркі мұрасының цифрлық нұсқаларын жинақтаймыз. Бұл – бір күндік жұмыс емес, дегенмен жыл соңына дейін көпшілік назарына ұсынуды жоспарлап отырмыз, – деді А. Райымқұлова.

Бұл бағытта дипломаттар мен Сыртқы істер министрлігінің жұмысы оң нәтиже көрсеткен. Мысалы, Ватикан архивтері көптеген елдер үшін жабық болғанымен, жүргізілген келіссөздердің арқасында қазақ ғалымдарына қолжетімді болған.

 Соның арқасында Алтын Орда кезеңіне, Осман империясына, мәмлүктер мен Әмір Темір дәуіріне қатысты бізге бұрын белгісіз болған құжаттарды цифрландыру мүмкіндігі пайда болды, – деді Ақтоты Райымқұлова.