Baqytty Bala халықаралық вокал байқауының финалистері анықталды

1 193

12-16 тамыз аралығында «Baqytty Bala-2023» V балалар вокалдық ашық фестиваль-байқауының финалы өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан, Ресей, Эстония, Испания және Маврикий Республикаларынан 10-16 жас аралығындағы 20 жас талант Ақтөбе қаласында бақ сынап, Гран-при иегері анықталатын болады.


«Baqytty Bala» – Ақтөбе облысының брендіне айналған жыл сайынғы бірегей балалар жобасы. Байқау алғаш рет 2018 жылы облыс әкімі жариялаған «Балалар жылы» құрметіне өткізілді. Бірінші жылы байқауға 420 бала өтінім берсе, 2019 жылы олардың саны 500-ден асты, 2021 жылы – 180 болды.


Биыл байқауға Қазақстан, Испания, Ұлыбритания, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Маврикий, Молдова, Оңтүстік Корея, Болгария, Германия және Нидерландтан 250-ден астам жас вокалист өтінім берді. Іріктеу турының қорытындысы бойынша финалға ең үздік деген 20 орындаушы өтті.


Baqytty Bala 2021 финалистері:


Люсия Касани – Испания, Валенсия

Куаныш Баймухамбетов – Қазақстан, Алматы

Латиф Саламат – Қазақстан, Ақтөбе

Дана Баскенова – Қазақстан, Петропавл

Нуршат Кусанова – Қазақстан, Атырау

Айганым Амантай – Қазақстан, Астана

Айым Бекмурат – Қазақстан, Ақтау

Анастасия Калюжная – Ресей, Краснодар

Алдияр Дутбаев – Қазақстан, Жаңаөзен

Еванжелика Батаршина – Маврикий Республикасы

Жасмин Тлеумбетова – Қазақстан, Астана

Виктория Косоурова – Ресей, Қазан

Абай Ермагамбет – Қазақстан, Қызылорда

Алтынай Айтен – Қазақстан, Көкшетау

Дильназ Амангельдиева – Қазақстан, Ақтөбе

Валерия Савчук – Эстония, Таллин

Абай Аскеров – Қазақстан, Астана

Малика Куанжанова – Қазақстан, Талғар

Риана Багаутдинова – Қазақстан, Алматы

Асылбек Аяужан – Қазақстан, Өскемен