"Төлегенім жанымда жоқ" ...

587

Фото: видеодан скриншотҚазақстандық танымал актриса Меруерт Өтекешова марқұм жолдасын есіне алып, көз жасына ерік берді. Өнер иесі бүгінде күйеуінің қасында жоқ екеніне қатты қынжылып, жүрегі ауыратынын жасырмады.
Меруерт Өтекешова жолдасы Құман Тастанбековты асқан сағынышпен еске алып, ол туралы естеліктерімен бөлісті. Өнер иесі өзіне танымалдылық алып келген "Қыз Жібек" фильмінің түсірілімі кезіндегі әр сәт есінде сақталып қалғанын айтты.


 Айта кетейік, аталмыш киноға қатысқан бірқатар әртістер мен мамандар бүгінде о дүниелік болып кеткен. Өтекешова олардың барлығын, соның ішінде әсіресе өз "Төлегенін" Құман Тастанбековты аса қатты сағынатынын алға тартты.


 "Папарации" бағдарламасына сұхбат беріп, жолдасы туралы айтқан актриса өзін әрең ұстап, көз жасын барынша тыюға тырысты. 


"Шын айтса жылағым келеді. Неге десеңіз? Жанымда ешкім жоқ. Қазір біз түсіріп жатырмыз, экранда эпизодтар көрсетіп жатыр. Бәрі ойға келеді. Түсірілім қалай өтті, кім қатысты, қалай болды дегендей. Негізі түсірілімнің барлығы көз алдымда. Басынан аяғына дейін бәрі есімде. Сол үшін менің жүрегім ауырады. Әсіресе, Төлегенім жоқ жанымда", - деді Меруерт Өтекешова.