«Жігер» байқауының жеңімпаздары анықталды
380
Нұр-Сұлтанда өткен Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімпаздары анықталды - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі.
Байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде «Astana Media Week – 2021» медиа апталығының ашылуы кезінде марапаттады.
«Өз басым Бейсен бауырыздың осы өмірде қалдырған еңбегі еленіп қоймай, осындай бауқау арқылы жаңғырып жатқанына қуаныштымын. Байқауға қатысушылардың дені жастар болды. Расы керек жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Барлығы 100 өтініш келіп түсті. Бейсеннің бағдарлама жүргізгенде өзіндік принциптері болды. Оның сөйлеу мақамы, өзін ұстауы, журналистік этикасы тұтас бір дүние. Бейсен негізінен әлеуметтік бағдарламаларды жүргізгеннен ол халыққа жақын болды, қайырымдылықпен айналысты. Байқау барысында аймақтағы тілшілерге мән беріп, қолдау көрсетуге тырыстық», - деді елімізге танымал тележурналист Арман Сқабылұлы.
Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімпаздары:
І орын Jetisy телеарнасының редакторы Сәния Байтарова.
ІІ орын Aqtobe телеарнасының редакторы Ерлан Мұқанов.
ІІІ орын «Qazsport» телеарнасының редакторы Индира Бектенова.
Байқау жеңімпазы Сәния Байтарова: «Бейсен ағамыздың бейнесі есімізде мәңгі қалары сөзсіз. Талдықорғандағы ағамыздың кабинетінде үлкен портреті тұр, біз соған қарап ағамыз әлі ортамызда жүргендей сезінеміз. Кейде қарап, көзімізге жас аламыз, бір қарағанда ағам маған жол көрсетіп тұрғандай көрінеді. Бейсен ағамыз басқарған Жетісу телеарнасының ұжымы өте ұйымшыл болды.Жеңімпаз атану мен үшін үлкен құрмет. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Жеңіс жалғыс менікі емес ортақ деп есептеймін», - деді.