"Қабағы ашылды",- деді Төреғали Төреәлі

595
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің жары Толқын ресми түрде Instagram желісіне тіркелгенін және келіншегінің парақшасы ашылғанын өнер иесінің өзі сүйінші сұрап хабарлаған. 
Төреғали Төреәлі өзінің Instagram парақшасында әйелімен түскен ерекше суретін жариялап, қуанышты жаңалығымен бөліскен. Эстрада жұлдызы жарының аталмыш әлеуметтік желіге ресми түрде тіркелгенін хабарлап, оның аккаунтын белгілеп кеткен. "Ағайын, кішігірім сүйінші! Келіндеріңіздің жеке ресми парақшасы ашылды! «Қабағы ашылды» , - деп жазды ол. Желі қолданушылары енді "ұлы дала келінін" @tolkynturarbekkyzy деп жазып, іздеп таба алады.