Нұр-Сұлтанда «BYTEREKTE» инклюзивті шығармашылық көрмесі өтіп жатыр

315
Театр фестивалі аясында «Бәйтерек» монументінің астында «BYTEREKTE» инклюзивті шығармашылық көрмесі өтіп жатыр- деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Көрмеге кескіндеме, графика, инсталляция стилінде орындалған жас суретшілердің 40-қа жуық жұмыстары қойылған.

«BYTEREKTE» – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған инклюзивті шығармашылық көрмесі. Бұл көрмеде 4-23 жас аралығындағы 40-қа жуық жас суретшілердің жұмысы ұсынылды. Онда кескіндеме, графика, инсталляция, керамика техникаларындағы жұмыстар қойылды», – деді Е15 ARTSPACE өнер мектебінің мұғалімі Гүлмарал Тәтібаева.

Сондай-ақ, фестиваль бағдарламасында актерлік мастер-класс, бейнелеу өнері көрмелері өтеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.