Майра Мұхамедқызы халықаралық сыйлықпен марапатталды

325
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Париждегі "Үлкен операның" алғашқы қазақстандық солисі Майра Мұхамедқызы халықаралық BraVo сыйлығымен марапатталды.
Салтанатты шара Мәскеудің Үлкен театрында өткен. 

Бұл марапат халықаралық кәсіби қазылар алқасының берген бағасы ретінде қабылданады және ол классикалық музыканың әлемге әйгілі ресейлік және шетелдік орындаушыларына беріледі.

Өткен жылы пандемияға байланысты бұл рәсім өтпей қалған. 

"Қазақстан әлемге керемет талантты әртістерді сыйлады. Сондықтан мұнда Шымкент опера және балет театрының тұңғыш әйел басшысы – Майра Мұхамедқызын көргенімізге қуаныштымыз", - дейді BraVo сыйлығының атқарушы продюсері Юрий Андрейчук. 

Майра Мұхамедқызы қазір композитор Тасқын Жармұқаметтің "Домалақ ана" операсын сахналау үшін еңбектенуде. Әнші операны Шымкенттің визит картасына айналдыруды көздеп отыр. Ал осы жылдың соңында қойылымды Париж сахнасында қою жоспарланған. 

Майра Мұхамедқызы онда басты рөлді сомдайды. 

"Бізді қазірдің өзінде Германия, Лондон, Парижге шақырып жатыр. Бірақ карантиннің аяқталуын күтіп жүрміз. Менің ойымша, карантин жақын арада аяқталады және театрымыз ашылады. Сөйтіп, "Домалақ Ана" барлық жерде естілетін күнді асыға күтудеміз", – дейді Майра Мұхамедқызы.