Индонезияда Димашқа арналған көрме өтеді

354
29 маусым күні Индонезияның Ұлттық кітапханасында Димаш Құдайберген мен Қазақстан туралы көрме өтеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Көрмеде Қазақстан табиғатының фотосы, сонымен қатар жергілікті Индонезиялық суретшілер жасаған түрлі өнер туындылары ұсынылады. Сонымен қатар көрменің бірінші күні кітапхананың бас залында Димаштың концерттерінің бірінің көрсетілімі өтеді.

29 маусым мен 8 шілде аралығында өтетін іс-шараны Димаш Құдайбергеннің Индонезиялық фан-клубы Қазақстанның Индонезиядағы және Индонезияның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырады.

Dimashnews.com сайтының хабарлауынша, Индонезиядан келген Dears бұл мүмкіндікке қатты қуанды. Өйткені бұл шара индонезиялықтардың Қазақстан мәдениетін және Димашты тануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге екі ел арасындағы достықты нығайтады.


Іс-шара барлық ниет білдірушілер үшін тегін және ашық.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.