Қазақ эстрадасының танымал әншісі екінші рет коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді

678

https://www.instagram.com/tolkynzabirova/Танымал эстрада және опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырып алды.

Бұл туралы өнер иесі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

"Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес деп жүріп... Антидене арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек жасы 74-тегі анама ауыр болып тұр", - деді ол.

Сонымен қатар Толқын Забирова уақытында вакцина алудың дұрыс екенін сөз өтті. 

"Дер кезінде прививка алған дүрыс екен. Бір-ақ үлкендерге жасатуға бола ма екен? Бәріміз аман болайық. Ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар", - деді эстрада және опера әншісі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.