«GULDER» ансамблі «ASEAN 2025» фестивалінде өнер көрсетті

2 547

Фото: Ансамбльдің әлеуметтік желідегі парақшасынанРоза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «GULDER» ансамблі Малайзияда өткен «ASEAN 2025» халықаралық музыкалық-мәдени фестивалінде өнер көрсетті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Фестиваль аясында ансамбль дәстүрлі және заманауи хореографияны үйлестірген концерттік бағдарламасын ұсынды. Көрермендер назарына «Аққу», «Асатаяқ», «Қуаныш думан», «Қарлығаш», «Дайрабай», «Қараторғай», «Тоқымқағар», «Қорқыт» хореографиялық қойылымдары, сондай-ақ Малайзия, Моңғолия және Қытай халықтарының билері ұсынылды. 

Мәдени диалог пен халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналған концертті әлемнің әр түкпірінен келген 300-ден астам көрермен тамашалады.

Айта кетейік, соңғы үш жылда «GULDER» ансамблі Швеция, Франция, Германия, Латвия, Қытай және Түркия елдеріндегі сахналарда Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.