Биыл тұрғын үй құрылысы азаймақ

501
Биыл елімізде 15,3 млн шаршы метр үй салу жоспарланған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Былтыр республика бойынша барлығы 109,9 мың тұрғын үй пайдалануға берілген, оның 34,3 мыңы жер үй.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен барлығы 15,3 млн шаршы метр немесе 143,5 мың жаңа тұрғын үй салу жоспарланған. 


2022 жылдың қорытындысы бойынша статистикалық деректерге сәйкес республика бойынша жалпы ауданы 15,4 млн. шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде есепті кезеңде жеке меншік және халық есебінен – 13,9 млн шаршы метр, мемлекеттік меншік – 1,3 млн шаршы метр,- деді Индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігі.

Атап айтқанда, ең көп әдеттегідей, Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында салынбақ. 

Ал тұрғын үй құрылысы ең аз жоспарланған өңірлер Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарында.  

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Астана мен Алматыда тұрғын үй құрылысын азайтатынын мәлімдеген еді. Себебі – инженерлік инфрақұрылымның жетіспеушілігі. 

Бұл ақпаратты Астана әкімдігі де растаған болатын. Редакцияның сауалына жауап берген әкімдік 2022 жылы 2 369,3 шаршы метр үй салынғанын, ал 2023 жылғы жоспардың 2 022,5 мың екенін хабарлаған еді. 

2023 жылы жоспарланған тұрғын үй құрылысы: