Қазақстанда ауыз су мен минералды су бір жылда 29 пайызға қымбаттаған

1 753

Елімізде алкогольсіз сусындар бір жылда 22,7 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.


Салқындатқыш сусындардың бағасы 27 пайызға қымбаттады. Су (минералды және ауыз су) бағасы да айтарлықтай өскені байқалып отыр: 29,1 пайызға (бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 18 пайыз еді).


Салқындатқыш сусындар бір жылда 26,8 пайызға қымбаттады (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 16,2 пайыз).


2023 жылдың сәуір айындағы есеп бойынша, минералды су 31, 4 пайызға қымбаттаған.


Қазақстандағы өңірлерге келсек, баға өсімі жөнінен Жетісу облысы алдыңғы орында: минералды су бағасы бір жылда 66, 4 пайызға өскен.


Одан кейінгі орында Қызылорда (49, 5 пайыз) және Батыс Қазақстан облысы (48,1 пайыз) тұр.


Ұлытау облысы (8,3 пайыз), Шымкент (11,4 пайыз) және Түркістан облысындағы (18,5 пайыз) көрсеткіш өзге аймақтармен салыстырғанда төмен.


Ауызсу бағасы бір жылдың ішінде 25,8 пайызға өсті. Қымбатшылық жөнінен Ақмола және Абай облыстары көш басында: 43 және 42,6 пайыз.


Ауызсу бағасы Қостанай облысында да қымбаттаған: 31, 5 пайыз. Одан кейінгі орында Түркістан (10,9 пайыз), Батыс Қазақстан (15,9 пайыз) және Павлодар (15,2 пайыз) облысы тұр.


Салқындатқыш сусындардың ішінде, әсіресе газдалмаған сусын бағасы өскені анықталып отыр: бір жылда 34,7 пайызға қымбаттаған.


Өңірлерге келсек, Батыс Қазақстан облысында газдалмаған сусындардың бағасы бірден 85, 3 пайызға көтерілген.


Одан кейінгі орында Атырау, Шығыс Қазақстан облысы (51, 9 пайыз және 47, 7 пайыз) тұр.


Ал Жамбыл облысы (14, 5 пайыз), Ақтөбе (23,6 пайыз), сондай-ақ Павлодар және Маңғыстау (әр өңірде 24,6 пайыз) облыстары соңғы орынға жайғасты.


Газдалған сусындар бір жылда 25,2 пайызға қымбаттаған. Өңірлер бойынша, Ақмола (46,9 пайыз), Жетісу (40,2 пайыз) және Абай облысы (36,8 пайыз) алдыңғы орында тұр.


Ал төмен көрсеткіш Павлодар (бір жылда 5,1 пайыз), Жамбыл (13,5 пайыз) және Қарағанды облысында (15,2 пайыз) байқалған.


Осы жылдың қаңтар-наурыз айындағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанда 142,8 млн литр хош иістендірілмеген және тәтті қосылмаған су өндіріске шықты.


Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артық.


Басқа алкогольсіз сусындар 590 млн литр көлемде шығарылған. Өткен жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда бұл 13,7 пайызға төмен.