Ипотека кез-келген үй берілмейтін болды
Банктер ипотекаға сатып алынатын жылжымайтын мүлікке қандай талаптар қоятыны айтылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жеке үйлер мен учаскелерді ипотекаға алу үшін ол бірнеше талапқа сай болу керек.
Бірінші талабы – үйдің салынғанына 50-55 жылдан аспауы тиіс. Егер үй кірпіштен салынған болса, оның салынғанына 50 жыл болуы мүмкін. Ал ағаш болса, онда 30-дан аспайды.
Уақытша контейнерлік ғимараттар, саман үйлер ипотекаға берілмейді.
Бірақ кейбір банктер жеңіл болат конструкциялардан (LSTK), темірбетон қаңқасы болған кезде саманнан және балшықтан жасалған үйлерге ипотека береді.
Нысандарға қойылатын талаптар аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін. Мысалы Алматы мен Көкшетауда саман үйлер кепіл ретінде саналмайды, ал Шымкентте қарастырылады.
Құрылыс жылы мен материалы бастапқы жарнаның мөлшеріне тікелей әсер етеді. Құрылыс неғұрлым ескі болса және материалдың қызмет ету мерзімі неғұрлым төмен болса, соғұрлым көп жарна төленеді.
Сонымен қатар саяжай ретінде ресімделген үйлерге ипотека берілмейді.