Сенаторлар үш жылдық бюджет жобасын мәжіліске қайтарды
2 513

Парламенттің жоғары палатасы үш жылдық бюджеттің жобасын мәжіліске қайтарды. Сенаторлар бірқатар бағыттар бойынша бюджеттен бөлінетін қаржының көлемімен келіспеді.
Үш жылдық бюджетте шығыстардың басым бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі. Негізгі бағыттар:
- әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек - 18 356,0 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 5 426 млрд теңге;
- “Жайлы мектеп” ұлттық жобасында жаңадан іске қосылатын 369 мектепті салуға және ұстауға 1 367 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылы – 647 млрд теңге;
- Қазақстанның жоғары оқу орындарында және шетелде кадрлар даярлауға 1 459 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылы – 463 млрд теңге;
- ғылымды дамытуға 748 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 217 млрд теңге;
- азаматтарға медициналық көмек көрсету – 6 727 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 2 168 млрд теңге;
- спортты дамытуға 305 млрд. теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 119 млрд теңге;
- мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 196 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 63 млрд теңге.
Ал экономиканың нақты секторын қолдауға арналған шығыстардың көлемі 5 815 млрд теңгені құрап отыр. 2024 жылға 2 897 млрд теңге қарастырылған. Басым бағыттар:
- өңдеу өнеркәсібін дамытуға 2024 жылға –120,0 млрд теңге;
- кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға 720 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылы – 267 млрд теңге;
- жылу энергетикасын дамытуға 59 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 58,1 млрд теңге;
- өнеркәсіп салаларын дамытуға және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүргізуге 16 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 8,7 млрд теңге;
- ауыл халқының табысын арттыру бойынша жобаның ауқымын кеңейтуге 200 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 100 млрд теңге;
- агроөнеркәсіптік кешен инвестициялық жобаларына және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 620 млрд теңге сомасында кредит беру, оның ішінде 2024 жылға – 240 млрд. теңге;
- көлік саласын дамытуға 1 477 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылы 695 млрд теңге;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға 709 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылы 454 млрд теңге;
- газ тасымалдау жүйесін дамытуға 119,2 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 87,3 млрд теңге.
- Күштік құрылымдардың шығындары 7 414,0 млрд теңге сомасында жоспарланған, оның ішінде 2024 жылға – 2 579 млрд теңге.
Сенаторлар заңды талқылау барысында мәжіліс қабылдаған заңға жүздеген толықтыру мен өзгеріс енгізді. Олар:
- “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасын іске асыруға жалпы сомасы 18,1 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 13,6 млрд теңге;
- сумен жабдықтауға және су бұруға жалпы сомасы 19,8 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 14 млрд еңге, бұл қалаларда сумен жабдықтау қызметтеріне халықтың қолжетімділігін 99,5%-ға дейін, ауылдарда 97,8%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді;
- газ тасымалдау жүйесін дамытуға жалпы сомасы 5,1 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 3,3 млрд теңге сомасында, бұл газдандыру деңгейін 61%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді;
- жылу, электр энергетикасын дамытуға жалпы сомасы 3 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 1,7 млрд. теңге;
- инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жалпы сомасы 7 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 2 млрд теңге;
- көлік инфрақұрылымын дамытуға жалпы сомасы 13,3 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 8,5 млрд теңге.
Сенаторлар “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы” заңды мақұлдады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері:
- 2024 жылға – 2 000 млрд теңге;
- 2025 жылға – 2 000 млрд теңге;
- 2026 жылға – 2 000 млрд теңге;
Ұлттық қорына мұнай секторынан түсетін қаржы бойынша мұнайға кесімді баға да бекітілді.
- 2024 жылға – бір баррель үшін 43,4 АҚШ доллары;
- 2025 жылға – бір баррель үшін 40,2 АҚШ доллары;
- 2026 жылға – бір баррель үшін 41,8 АҚШ доллары;
Айта кетері, мәжіліс сенаторлар енгізген өзгерістерді қабылдағаннан кейін үш жылдық бюджет туралы заң бірден президенттің қол қоюына жіберіледі.