Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы "Бәйтерек" холдингіне салынды

2 617

Фото: Ашық дерек көзіҚР Ұлттық банкі 173 млрд теңгеге "Бәйтерек" холдингінің облигацияларын сатып алды. Ақша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алынған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқарушы болып саналады. Бұл дегеніміз – түсім алу үшін қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына, мысалы, басқа елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялай алады деген сөз. Дегенмен, ақша Қазақстанның ішіндегі басқа жобаларға да құйылады. 

Мәселен, Ұлттық банк нарық шарттарына сай, жылдық 13 пайыз кірістілікпен және 15 жылға есептелген айналым мерзімімен 173 млрд теңгеге "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ облигацияларын сатып алатынын хабарлады. Облигацияларды сатып алуға қажет қаржы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан экономиканың нақты секторындағы ұзақ мерзімді ірі жобаларды қаржыландыру үшін алдағы екі жылда зейнетақы активтерін жоспарланған инвестициялау шеңберінде алынған. 

"Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялардың жалпы көлемі 190 млрд теңге болды. Осы облигацияларды орналастыруға жалпы сомасы 17 млрд теңгеге БЖЗҚ-дан өзге де инвесторлар қатысты", - делінген орталық банк таратқан хабарламада. 

Банк өкілдерінің мәліметінше, облигацияларды сатып алу нақты кірістілік алу бойынша ұзақмерзімді мақсаттарға сәйкес келеді және салымшы зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Ұлттық банктің хабарламасына сүйенсек, борыштың негізгі сомасын мерзімінен бұрын қайтару көзделген. 

Мәселен, эмитент 5 жыл өткеннен кейін жыл сайын облигация ұстаушыларға тиесілі облигациялардың бір бөлігін олардың талабы бойынша бастапқы орналастыру көлемінің 10 пайызына дейінгі мөлшерде номиналды құнына сай сатып алуға міндетті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.