1 Қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналарының төлем ережелері өзгереді

2 524

Фото: BAQ.KZ2025 жылғы 7 қарашадағы Үкімет қаулысымен міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) төлену ережелеріне өзгерістер енгізілді. Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есепке алынбайтын төлемдер мен кірістер тізімі нақтыланды. Сонымен қатар, жарналарды төлеу тәртібі мен жауапты тараптар айқындалды.

Негізгі өзгерістер:

  • Интернет-платформалар мен мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін платформалық оператор МЗЖ төлеуші агент ретінде белгіленді;
  • Арнайы салық режимін (СНР) қолданатын жеке кәсіпкерлердің жарна есептеу және төлеу тәртібі нақтыланды;
  • МЗЖ және МКЗЖ бойынша 6 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын берешек анықталған жағдайда, Мемлекеттік кірістер органы мен БЖЗҚ арасында хабарлама алмасу және берешекті өндіру тетігі бекітілді.

Ережеге сәйкес, агенттің МЗЖ немесе МКЗЖ бойынша қарызы 6 АЕК-тен асқан жағдайда:

  • агент 15 жұмыс күні ішінде берешегі бар тұлғалардың тізімін Мемлекеттік кірістер органына жолдайды;
  • кірістер органы бес жұмыс күні ішінде агентке ресми ескерту хабарламасын жібереді;
  • егер қарыз өтелмесе, 10 жұмыс күнінен кейін агенттің банктік шоттары мен кассасындағы шығыс операциялары тоқтатылады.

Аталған түзетулер зейнетақы жүйесіндегі тәртіпті күшейтуге, салықтық және әлеуметтік төлемдердің уақтылы түсуін қамтамасыз етуге бағытталған.