Қазақстанға бидай әкелуге салынған шектеу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылды
Қазақстанға барлық көлік түрлерімен бидайдың әкелінуіне салынған тыйым жыл соңына дейін ұзартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл шешім Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қабылданды.
Сондай-ақ, Қазақстан аумағынан асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ малды әкетуге тыйым салу алты айға 6 айға ұзартылды. Бұл тыйым Қазақстанда биылғы жылдың 8 қаңтарында енгізілген.
Сонымен қатар көліктің барлық түрлерімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салу жыл соңына дейін ұзартылды. Елге бидайды "жасырын схема" арқылы әкелу және оны Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан автокөлікпен кері экспорттау қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда жоғары болады деп күтілетін дәнді дақылдарды жинау болжамдары да назарға алынды.
Сондай-ақ ВАК отырысында отандық шырындар мен сусындар өндірушілерін қолдау мақсатында өрік, алмұрт және шабдалы езбесін әкелуге арналған кедендік баж салығы мөлшерлемесін төмендету мақұлданды.