Тоқаев қазақстандық зейнетақы жинақтарын басқаруды шетелдік компанияларға беруді ұсынды
Астанада президент Тоқаевтың төрағалығымен "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Отырыста мемлекет басшысы қор нарығын дамытудың негізгі көрсеткішінің бірі – өтімділік екенін атап өтті.
Сонымен қатар президент ұлттық банкке үкіметпен, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, АХҚО-мен бірге компанияларды қаржы орталығында локализациялау бойынша талаптарды күшейту мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
Президент шетел нарығында бір мезгілде орналастырылған жағдайда жергілікті қор нарығындағы бағалы қағаздардың үлесі мен көлемінің шегін біртіндеп ұлғайту қажеттігін атап өтті. Осы орайда жеке қазақстандық компанияларды ашық алаңға шығарудың маңыздылығына да назар аударды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы төтенше жағдайға қарсы тұрудың тиімді қаржылық тетігін құру қажет екеніне тоқталды. Түрлі мемлекеттік сақтандыру қорлары табиғи апаттардың салдарымен күресуге қолдау көрсетуі қажет. Президент үкіметке қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, Орталықта осы мақсаттағы қор құру мәселесін жан-жақты зерттеуді тапсырды.