Masdar Қазақстанға 1,4 млрд доллар инвестиция салады

2 656

Фото: пресс-службы АкордыЖамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысына 1,4 млрд доллар инвестиция салынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысымен Masdar БАӘ мемлекеттік энергетикалық компаниясы басшысының кездесуінде айтылды. Осылайша, Қазақстан мен Masdar компаниясы арасындағы серіктестік жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілмек. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Adnoc пен Abu Dhabi Ports Group компанияларының өкілдерін және IT саласының мамандарын қабылдады. Маздар баламалы қуат көздерінен энергия алу саласында әлемдегі жетекші компания. Жер жаһандағы 40 қа жуық мемлекетте күн, жел электр станцияларын салған. Келесі жылы Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысын бастайды. Аталған станциясы 300 000 үйді энергиямен қамтамасыз етеді деген жоспар бар. Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахи жел турбиналарының өндірісіне қазақстандық өнімдерді қолдануға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Қос тарап Masdar компаниясының Қазақстандағы қызмет аясын кеңейте отырып, жаңартылатын энергетика және цифрландыру салаларындағы маңызды жобаларды іске асыру жөнінде пікір алмасты.