Қазақстанда жаңа өндіруші қуаттар іске қосылады

2 691

Фото: ҚР Энергетика министрлігі2025 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) 455,5 МВт жаңа қуатын, сондай-ақ 166 МВт дәстүрлі өндіруші қуатын пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министр атап өткендей, бұл электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға және энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 2024 жылы өндірістің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 6,4% - ды (7,58 млрд кВтсағ) құрады. Сонымен қатар ҚР Энергетика министрі А. Сәтқалиевтің айтуы бойынша, 2025 жылы республикада жылу желілерін ауқымды жөндеу жұмыстары жалғасады. 2024 жылы 285 км жылу желілері жөнделді, ал биылғы жылы тағы 323 км жөндеу жоспарланып отыр.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.