ForteBank капитал нарығында тарихи қадам жасады

3 031

Фото: Пресс-служба ForteBankForteBank алғаш рет Қазақстанда 400 млн АҚШ доллары көлеміндегі мерзімсіз Additional Tier 1 (AT1) облигацияларын шығарып, капитал нарығында тарихи оқиғаға қол жеткізді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Жылдық купондық мөлшерлемесі 9,75% болатын бұл құрал Базель ІІІ талаптарына сай және банктің бірінші деңгейлі қосымша капиталы ретінде есептеледі.

Орналастыру халықаралық 144A/RegS стандарттары бойынша жүзеге асып, Vienna MTF және Астана халықаралық биржасында (AIX) листингке енгізілді. Инвесторлар тарапынан сұраныс үш есе асып түсті, басты үлес Ұлыбритания (45%), АҚШ (14%), Швейцария (10%), Гонконг (9%) арқылы қамтылды.

ForteBank Директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Исатаев:

«AT1-ді шығару – болашаққа салынған инвестиция. Бұл құрал банктің дамуына жол ашып, экономиканы белсенді кредиттеуге мүмкіндік береді»

-деп атап өтті.

AT1 шығару ForteBank-тің капитал құрылымын нығайту, қаржыландыру көздерін әртараптандыру және халықаралық нарықтарға қолжетімділікті кеңейту стратегиясының маңызды бөлігі болды. Тартылған қаражат банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға және бизнесті дамытуға бағытталады.

ForteBank – корпоративтік, бөлшек және ШОБ-клиенттерге қызмет көрсететін Қазақстандағы ірі жеке банктердің бірі, цифрлық шешімдер мен тұрақты қаржыландыруды қолдай отырып, халықаралық деңгейдегі марапаттарға ие.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.