Алтын бағасы тағы да қымбаттады
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, қазір елде алтынның бір граммы 82 164.45 теңгеге бағаланып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, 2026 жылдың басында бағалы металдың бір грамы 71 300.21 теңге болған еді.
Әлемдік нарықта да алтын бағасы тарихи рекордтарды жаңартып жатыр. 26 қаңтарда троя унциясының құны алғаш рет 5000 доллардан асып, кейін 5200 долларға дейін жетті.
Сарапшылар бұл жағдайды АҚШ долларының әлсіреуімен, геосаяси жағдайдың ушығуымен және экономикалық тұрақсыздықпен байланыстырады.
Қаңтар айында алтынның әлемдік бағасы 20%-ға, ал бір аптаның ішінде 5%-дан астамға өсті.







