Тоқаев Мирзиеевпен қалалардағы экологияны талқылады

2 511

Фото:© АқордаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысының "Таза ауа" бастамасын қолдайтынын білдіріп, оның Қазақстанның ірі қалалары үшін де өзекті екенін атап айтты.

"Таза ауаға қатысты бастамаңызды ерекше қолдайтынымды айтқым келеді. Ташкенттің экологиялық жағдайына байланысты алаңдаушылығыңызды толық түсінемін. Бізде де Алматыда жағдай өте күрделі. Алматы, өкінішке қарай, әлемдегі ең ластанған ірі қалалардың қатарына енді. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдау қажет. Егер қарсы болмасаңыз, бүгін осы “Таза ауа” бастамасын екі ел президенттерінің қолдауымен, үкіметтер деңгейінде бірлесіп жүзеге асыруды ұсынар едік. Менің ойымша, бастамаға біздің елдердің қоғамы да, халықаралық қауымдастық та оң көзқарас білдіреді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті бастама аясында көптеген іс атқаруға болатынын айтқан.

"Бұл жергілікті билік органдары мен кәсіпкерлерді экология мен табиғатты қорғау мәселесінде жауапкершілікпен әрекет етуге ынталандырады", – деді Тоқаев

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.