Қазақстанда 2027 жылға дейін 1300 шақырым теміржол салынады

2 664

Фото: пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"Теміржолдың әлеуеті артып тұр. Жолаушының да, жүктің де негізгі бөлігі осы жолмен тасымалданады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Біздің ел де осы әлеуетті барынша пайдаланады. Үкімет Президенттің инфрақұрылымды жаңғырту және көлік-логистикалық әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша жол картасын жүзеге асырып жатыр. Қазір көлік-транзиттік әлеуетті одан әрі дамыту және көлік дәліздерін кеңейту мақсатында магистральдық желілерді жаппай модернизациялау жұмыстары қолға алынды. 2027 жылға дейін 1300 шақырым теміржол салынады. 

2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол жөнделеді 

2029 жылға дейін елдегі теміржолдың 11 мың шақырымын жөндеу жоспарланып отыр. Қазір бұл жолдар 57%-ке тозып тұр. Көлік министрлігінің ақпаратына сүйенсек, бүгінде 2 800 шақырымда жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ алдағы екі жылда 1300 шақырым шойынжол салу жоспары бар. Бүгінде Достық – Мойынты теміржол учаскесінің екінші жолын, Алматы айналма теміржолын, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз желілерін салу жұмыстары басталды. Бұл жобалардың арқасында транзиттік әлеует артады. Яғни, жаңа жолдар «Достық» станциясының өткізу мүмкіндігін жылына 35 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Сарыағаш станциясына түсетін салмақ азайып, Алматы стансасы арқылы жүк өткізу уақыты қысқарады.