Қазақстан мен Сауд Арабия арасындағы сауда байланысы артпақ

993
Елорда да Қазақстан мен Сауд Арабиясының бірлескен инвестициялық бизнес форумы басталды. Пандемия салдарына қарамастан биылғы 7 айда екі елдің екіжақты саудасы 36,5%-ға артқан - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан-Сауд Арабиясы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысына қатысу үшін елордаға инвестициялар министрі Халид А. әл-Фалих бастаған Сауд Арабиясы Корольдігінің делегациясы келді.

«Бүгінгі платформа – Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызды құралдарының бірі. Ведомствоаралық комиссиямыздың төрағасы ретінде мен бұл жұмысты өте жақсы бағалаймын. Сауд Арабиясы Корольдігі – Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі. Біздің мемлекет басшылары арасындағы тығыз өзара қарым-қатынас қос тарапқа да ынтымақтастық пен пайда табу үшін жақсы негіз болады. Біз екі ел арасында тікелей байланыс орнаттық», - деді Сауда министрі форум қатысушыларына.

Форумның ашылуында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов екі ел ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері туралы атап өтті.

«Дағдарыс жылдары жаһандық экономикадағы, оның ішінде біздің елдеріміздің экономикасындағы құрылымдық өзгерістерді де күшейтті. Іс жүзінде Сауд Арабиясын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы-2030 және Қазақстан-2050 даму бағдарламасы бір мақсатқа – экономиканы әртараптандыруға, табиғи ресурстар экспортына тәуелдікті азайтуға және ең дамыған елдер рейтингіне енуге бағытталған. Біздің елдеріміздің ынтымақтастықты күшейтуге зор әлеуеті бар. Қазір бір ғана Қазақстанда Сауд Арабиясы капиталының үлесі бар 11 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар негізінен бөлшек саудада, ақпараттық коммуникация және мемлекеттік транзакциялар саласында жұмыс істейді», - деді Б. Сұлтанов.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.