Теңізден келетін шикі мұнайдың бағасы өсті – трейдерлер

476
АҚШ-та WTI қоспасы 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 
                           
                                                                                                             
"Еуропа мен АҚШ-та дизель отыны мен бензинді қайта өңдеу маржасы жоғары. Салдарынан Батыс Африка, Америка, тіпті Солтүстік теңізден келетін шикі мұнай түрлерінің бағасы өсті", - дейді трейдерлер

Бұл жағдай Ресейден баратын Urals мұнай қоспасы жеткізілімдерінің қысқаруынан туындаған. Негізгі тұтынушы елдердегі отын тапшылығынан мұнай өңдеушілер орташа күкіртті мұнай сатып алуға мәжбүр. Нәтижесінде нигериялық Forcados және Escravos қоспалары Brent-пен салыстырғанда $8 жақындады. Бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш. Тағы бір танымал мұнай маркасы да қымбаттады. Сарапшылардың сөзінше, бұл біраз уақытқа созылуы мүмкін.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.