Түркістанды дамытуға ғарыш мүмкіндіктері пайдаланылады

350
Ғарышкер, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетов Түркістанға келді, деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғарыш саласына жауапты басшымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Түркістан облысының экономикасын көтеруде ғарыштық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері сараланды.


Қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов қазіргі таңда мемлекеттердің дамуында ғарыш саласының ықпалы зор екеніне тоқталып, ол мүмкіндікті тиімді пайдалануға болатынын жеткізді.

Кездесу нәтижесінде «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен Түркістан облысы әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды. «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен Түркістан облысы әкімдігінің Ситуациялық орталығының бірлескен жобалары үшін арнайы ақпараттық топ құрылатын болды. Ол топқа төтенше жағдайлар, ауыл шаруашылығы салаларының өкілдері қосылады. Ғарыштық мониторинг арқылы өңірдегі жердің мақсатты пайдаланылып жатқаны немесе пайдаланылмағаны да ескерілмек. 

Сонымен бірге Түркістан облысындағы бірқатар басқарма мен департамент мамандары ғарыштық мониторинг жасау және өңірге пайдалы нақты шешімдерді талдау және шығаруды меңгеру үшін арнайы білім алмақ. Оларды «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ның білікті мамандары оқытып, кеңес береді. «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы әріптестікті нығайту, жоспарларды жүзеге асыру бойынша 2021 жылдың соңына дейін жол картасы әзірленеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.