Түркия арасындағы тауар айналымы 33%-ға өсті

432
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысы өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Отырыс барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, транзиттік-көлік, өнеркәсіп, туризм, геология, денсаулық сақтау және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

«Түркия — Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 33%-ға өсіп, $4,1 млрд асты.  Екі ел әріптестігінің стратегиялық сипатына тоқталған ҚР Премьер-Министрі 2021 жылы Қазақстаннан Түркияға экспорт 39%-ға өсіп, шамамен $3 млрд жеткенін, 2021 жылы Түркиядан Қазақстанға импорт 20,5%-ға артып, $1,1 млрд құрағанын атап өтті»,- делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.