Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

337
1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 миллион 246 мың зейнеткер тұрады. Маусым айында зейнетақының орташа мөлшері 105 189 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы мамырда зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 235,4 млрд теңге бөлінді, оның 71,3 млрд теңгесі базалық зейнетақыға, 163,2 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді, - дейді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 105 189 теңгені құрады.


2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады.