Қазақстанда доллар мен еуро бағамы теңесті

814
Елімізде 1 АҚШ долларының орташа бағамы – 473,38 теңгені құрады, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 8,12 теңгеге көтерілді.Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464,85 теңге. Ал еуро 9,40 теңгеге арзандап, 474,6 теңгеге дейін төмендеді.
Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде долларды сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477,50 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге.
Айта кетейік, Қазақстанда доллар мен еуро бағамы соңғы рет 2002 жылы теңескен. Қазір ақша айырбастау пункттерінде еуро 482-483 теңгеге саудалануда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.