ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
208
Биыл Жалағаш ауданында 35 мыңнан астам гектар жерге егін егілді. Ал басты дақыл күріштің көлемі – 18 501 гектарды құрады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, ауданның егіс алқабында алғаш рет 73 гектарға қант құмайы мен 2,5 гектарға қант қызылшасы егілді.
Жалағаш ауданы бойынша 35 486 гектар жерге eгіс орналастырылды. Оның iшiнде, нeгізгі дақыл күріш 18 501 гектар құрайды. Тәжирибелік мақсатта алғаш рет 73 га қант құмайы, 39 га соя, 5 га сұлы дакылдары орналастырылды.
Бұл ауданда егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да тұрақты дамуда. Әсіресе төрт-түлік санында айтарлықтай өсім қалыптасқан.
- Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан тұрғындарын егіншілікпен айналысуына жағдай жасау мақсатында ауданымызда 250 гектар жер дайындалып, 802 отбасыға бөлініп берілді. Шаруа қожалықтарын жаңа техникалармен қамтамасыз ету үшін 25 дана жаңа құрылғы сатып алында.Ал мал шаруашылығында біршама өсім байқалады. Атап айтсақ, мүйізді ірі қара – 4,1 пайызға, жылқы – 33,9 пайызға, түйе – 2,5 пайызға көбейді. Осы ретте ет өнімі – 0,7 пайызға, ал сүт өнімі – 1,3 пайызға артты. Алдағы уақытта ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған тиісті жұмыстар жалғасатын болады, - деді Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов.