Қазақстан мен Иран тауар айналымы жылына 4 млн тоннаға дейін айналмақ

630
Қазақстан мен Иран тауарлардың жүк айналымы жылына 1 ден 4 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы Меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай келісімдерге 2022 жылғы 31 қазан мен 1 қараша аралығында Иран Ислам Республикасына екі күндік жұмыс сапары кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегациясы қол жеткізді.

Делегация құрамына қазақстандық ұн өндіру, астық және ет одақтарының, Қазақстанның аграрлық және өнеркәсіптік саясатын дамытуға жауапты мемлекеттік органдардың, «ҚТЖ» ҰК АҚ, Азық-түлік корпорациясының өкілдері мен басқа да мүдделі қатысушылары кірді.

Қазақстандық аграрлық және өнеркәсіптік өнімдер үшін жаңа өткізу нарықтарына шығу мүмкіндіктері, қолданыстағы солтүстік-оңтүстік бағытындағы кедергілерді жою қазақстан және иранқ тараптарының талқылаған негізгі тақырыптарына айналды.

Серік Жұманғарин екіжақты кездесулер кезінде атап өткендей, Қазақстан мен Иран арасында өзара сыйластық, сенімді қарым-қатынас орнаған. Елдер арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті ілгерілетуге 2022 жылғы маусым, қыркүйек-қазан айларында өткен ең жоғары деңгейдегі бірқатар кездесулер елеулі серпін берді. Мемлекет басшыларының сапарларының қорытындысы бойынша бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді және Қазақстан-Иран өзара іс-қимылын жандандыруға бағытталған тапсырмалар берілді.

"Бүгін Қазақстан бидай мен арпаны, кондитерлік және ұн өнімдерін, ет, өсімдік майларын және басқа да өнімдерді экспорттауға дайын", - деді Серік Жұманғарин Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садатинеджадпен кездесуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.