Туризм және мейрамхана ісі мамандықтарына 506 грант бөлінбек

509
Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттеріне 506 грант берілмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Халықаралық туризм және меймандостық университеті 2022-2023 оқу жылында «Дене шынықтыру және спорт» және «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» педагогикалық мамандықтары бойынша білім алушыларды қабылдамады. Сондықтан Халықаралық туризм және меймандостық университетінде мамандарды даярлауды сапалы жоспарлау мақсатында «Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 240 бұйрығына» тиісті өзгерістер енгізу ұсынылады, - делінген құжатта.

Жаңа өзгеріске сәйкес, енді аталған жоғары оқу орнында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушыларға «туризм» мамандығына 357 грант берілмек. Оның 297-сі қазақ, 60-ы орыс тобына арналған. Ал «тынығу» мамандығы бойынша студенттерге жалпы саны 54 грант ұсынылады. Сонымен қоса, енді «мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығында мемлекеттік тапсырыспен 95 студент тегін оқиды.

Айта кетейік, қолнадыстағы бұйрықта аталған мамандықтар бойынша мемлекетттік тапсырыспен оқыту шаралары қамтылмаған. Бұған дейін бұл гранттар дене шынықтыру және спорт саласында оқитындар үшін берелетін. Биыл ол мамандықтар бойынша талапкерлерді оқуға қабылдау жүргізілмегендіктен, тиісінше грантар туризм саласына бағытталып отыр.

Бұйрық 30 қаңтарға дейін көпшілік талқылауда болады.