Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін талапкерлер 4230 теңге төлеуі қажет

1 330
Биылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тестілеудің өзі 14-30 наурыз аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге мына адамдар қатыса алады (ақылы оқуға түсу үшін):
- мектептің 11 (12) сынып оқушылары;

- мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, колледждің биылғы түлектері;
- ЖОО-ға шартты түрде қабылданған студенттер;
- шетелде білім алған түлектер, ҚР азаматы емес, шетелде білім алған ұлты қазақ адамдар.


Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.


Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өзі таңдайды.