Қазақстандық оқушылыр екі халықаралық олимпиаданың жүлдегерлерін иеленді

1 685
Алматы қаласында математикадан Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, екі бірдей халықаралық білім сайысына Қазақстанның барлық өңірінен 157 оқушы қатысып, 57 жүлдегер анықталды.

Бұл халықаралық олимпиадалар қашықтықтан ұйымдастырылды. Қатысушы елдердің ұйымдастыру комитеттері тапсырмалардың шарттарын және бағалау критерийлерін халықаралық ұйымдастыру комитетінен алып, өз елдерінде олимпиадаларды бір уақытта дербес өткізді. Бұл формат көптеген оқушылардың халықаралық жарыстарға қатысып, өз білімдерін сынауға мүмкіндік беріп отыр, - дейді «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.

Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты халықаралық олимпиадасына Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Малайзия, АҚШ, Түркия, Мексика секілді 38 ел қатысаса, «Жібек жолы» олимпиадасында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің дарынды оқушылары сынға түсті.

Еске салсақ, қазақстандық оқушылар Үндістандағы робототехника жарысында жоғары марапатқа ие болды.

Ал, астаналық оқушылар Microsoft компаниясынан грант ұтып алды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.