Қазақстандық 4 оқушы еуропалық олимпиадада жүлдегер атанды

1 771

Словенияның Порторож қаласында өткен қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадасында (EGMO) қазақстандық оқушылар төрт медальді иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиада 13-19 сәуір аралығында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысты. Еліміздің намысын Астана мен Алматы қалалары және Павлодар облысының төрт оқушысы қорғады.


Қатысушылар математикадан жеке тапсырмалар орындап, қорытынды бойынша төрт оқушы да орын алды:


Мерей Темирзинова (Астана қаласы) – күміс медаль;

Анастасия Одинцова (Павлодар облысы) – күміс медаль;

Ақерке Нурахметова (Алматы қаласы) – күміс медаль;

Амира Кенбаева (Алматы қаласы) – қола медаль.


Айта кетсек, Қазақстан Еуропалық математикалық олимпиадасында 2017 жылдан бері қатысып келеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.